24Апреля2014



www.bugin.kz/Referat

Киплинг
Шаблоны joomla

СПИД індетінің пайда болуы мен таралуы

СПИД қоздырғышын немесе адамда иммунитет тапшылығы туғызатын вирусты (АИТВ-1) 1981 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал, кейін америкалық ғалым Р. Галло вирустфң барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп жариялады. 1985-1986 жылдары маймылдардан АИТВ-1-ге ұқсас АИТВ-2 табылған, ол АИТВ-1- ден кейбір генетикалық белгілері өзгешелеу және адам үшін маңызы онша жоғары емес, бірақ американдық ғалымдардың айтуынша бұл вирусты (АИТВ-1 және АИТВ-2) бір адамнан табуға болады. Вирустың шығу тегін ғалымдар әр түрлі жорамалдап тексеруге тырысуда. Сондықтан тұжырым да, ойлар да әртүрлі. Париждегі Л. Пастер атындағы институттың ғалымдары өздері жүргізген зерттеулердің арқасында мынадай тұжырымға тоқталады. «СПИД вирусы өткен ғасырдың 70-ші жылдарының соңына дейін дүниеде болған емес және ол табиғи өзгерістерге түскен басқа вирустарға да жатпайды». Мысалы Англияның вирусолог докторы Х. Сили «спид вирусы бактериологиялық қару жасаумен айналысып жатқан лабораториялардың бірінде жасалған» – деген батыл тұжырым айтты. Көптеген ғалымдардың айтуынша, СПИДвирусы АҚШ-тың өзінде жасалынған. Бұдан басқа вирустардың маймылдарда табылуына байланысты, вирус адамның эволюциялық өсіп-өну кезеңінің жемісі деген тұжырым бар. Бұл ойды Африка ғалымдары қолдап отыр және олар бұл ауруды 1650 жылдары пайда болған деп батыл айтуда. Жас жеткіншек! Бізді ойландыратыны ауру қайдан пайда болғандығы емес, оның өмірімізге өте қауіптілігі екендігі болып отыр. Сол үшін оның таралуын талдап, қаншалықты қауіптілігінің маңыздылығын анықтайық.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдемесі бойынша СПИД ауруының таралуы әр елде әр түрлі және аурудың саны туралы толық мәлімет беру мүмкін еместігін айтқан. Осыған қарамастан олардың мәліметі бойынша мынадай (Кесте 1) кестеге назар салсақ 1981 жылы Дүние жүзінде 366 ауру тіркелсе, ал, 1985 жылы 12512 ауру тіркелген. 1990 жылы ауру саны 111012 жеткен, оның Америкада 53672, Африкада 42771, Европада 13374, Азияда 378 адам ауру жұқтырған. Ал, 1997 жылы олардың жалпы саны 30,6 млн. жеткен. 1999 жылдың қаңтар айының 1 жұлдызыны дейін Дүниежүзінде СПИД жұқтырғандар саны 33,4 млнионға жеткен, оның 32,2 млн. ересектер және 1,2 млн. балалар болып отыр. Ал, Қазақстанда олардың саны 2000-нан асты және оның көбі Қарағанды, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болып отыр.

down

Көрілген 9956 раз

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңарту